Аудан әкімінің құттықтауы
Сіздерді 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
Егемен еліміз бүгінде ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің мерейлі мекеніне айналды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлтаралық келісім мен пайымды парасаттылыққа негізделген үйлесімді саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда.
Түрлі ұлттар мен ұлыстар мекен ететін мемлекетімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. 130 астам ұлттар мен ұлыстар, түрлі дін өкілдері мекен еткен Қазақстан үшін бұл ұйымның маңызы ерекше.
Бүгінде ауданда орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, беларус, сынды 11 түрлі ұлттан барлығы 453 адам тату-тәтті өмір сүруде. Бір үйдің баласындай татулықты ту еткен бауырластар аудан экономикасының өркендеуі мен әлеуметтік ахуалының жақсаруына атсалысып келеді.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір аудан азаматының міндеті болып табылады.
Құрметті жерлестер!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қазақстандықтардың ынтымағын жарастырып, ырысын арттырсын. Ел аман, жұрт тыныш болсын! Баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
Сырдария ауданының әкімі
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ
Сырдария ауданының әкімі