Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкерлік қарқын алған

Кәсіпкерлік қарқын алған

Кәсіпкерлік – бір жағынан табыс көзі болғанымен, екінші жағынан елдің экономикалық, халықтың даму бағытын айқындаушы негізгі сала. Осы ретте мемлекетіміз кәсіп бастаушыларға ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Тиімді бағдарламалардың игілігін көріп, кәсібін нәсібіне айналдырғандар аз емес.

Аймақта кәсіпкерлік саласы түрлі жобалар арқылы дамуда. Қайтарымды, қайтарымсыз несие алып, кәсіп көкжиегін кеңейткендер де жетерлік. Осы орайда жастардың кәсіпкерлік бастамасына шағын несие алу бойынша Қызылорда облысы рес­публикада екінші орында тұр. Ал шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы бойынша алғашқы үштікте. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі мәжіліс жиынында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтып өтті.

– Биыл жеке кәсіпкерлердің 3 мыңға жуық жобасына 42 млрд 500 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. Дегенмен, аймақта дара кәсіпкерлер санының өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Әрбір әкім өзі басқаратын елді мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру секілді негізгі шараларға баса назар аударуы керек, – деді облыс әкімі.

Ал облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Бекболат Шәріпбековтің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша Қызылорда облысы өңірлер арасында бірінші орында. Осы ретте «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. «Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бірегей жоба. Бұл мемлекеттік қолдауды шаруалар түрлі мақсатта пайдаланып келеді. Аймақта аталған бағдарлама мен агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі инвестициялық жобаларды жеңілдікпен несиелендіру жалғасын табуда.

– Аймақта индустрияландыру шарала­ры­ның нәтижесінде өнеркәсіптің өңдеу саласы қарқынды дамуда. Мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 2%, өңдеу өнеркәсібі – 28%, сауда – 6%, негізгі капиталға тартылған инвестиция – 25,1% артты, – дейді басқарма басшысы.

Облыс әкімінің төрағалығымен өт­кен мәжілістен соң аудан әкімі Берік Сәрменбаев жиын өткізіп, бірқатар мәселе­лер­ге тоқта­лды. Аудан басшысы алдымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін атады. Бүгінде аудан бойынша 3,9 млрд теңгеге 273 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Оның қатарында халықтың табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылуда. Одан бөлек аудан бюджетінің жыл қорытындысымен болжамды игерілуі мә­се­­­лесіне, одан кейін мерзімді әскери қызметке азаматтарды жөнелту мәселесіне тоқталды. Жиын қорытындысында Берік Әбдіғаппарұлы аудан бойынша жұмыс­сыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру секілді негізгі шараларға баса назар аударуы керектігін айтты.

Айта кетейік, өткен жылдың қо­рытын­дысымен жастардың кәсіпкерлік бас­та­масына шағын несие алу бойынша Қызылорда облысы республикада екін­ші орынды иеленіп, 492 азамат кәсібін бастаған. Сонымен қатар Қызылорда өңір­­лік инвестициялық орталығының не­сие­­лен­­­діру жұмысын жандандырып, ауыл ша­руа­шы­лығы өнімдерін өңдеу саласын да­­мыту­ға 1 млрд 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 33,6 пайызға ұлғайып, об­­лыс республикадағы алғашқы үштіктен көрінді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
02 қараша 2024 ж. 124 0