Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Республикасы судьяларының IX Съезі өтті

Қазақстан Республикасы судьяларының IX Съезі өтті

Ең алғаш 1996 жылы 19 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Судьяларының Одағы» құрылып, республика судьяларының алғашқы сьезі өткізілді. Сол кезден бастап әр төрт жыл сайын өткізілетін судьялар сьезі-елімізде сот жүйесіндегі негізгі мәселелерді талқылап, стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. Биыл да 4 қазанда Астанада Қазақстан Республикасы судьяларының кезекті IХ-Съезі өтті.

Съездге Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, заңгерлер қауымдастығы, халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Съездге Қазақстан Республикасының Президенті де қатысып бизнес пен халықтың сотқа деген сенімін нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігі мен қабылданған шешімдерге жауапкершілігін арттыруға бағытталған міндеттерді атап өтті.

Бірінші басым бағыттардың бірі -2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттарды құру.

Съезде сондай-ақ, әрбір судьяның кәсібилігі мен судьялық тәжірибесін объективті бағалауға мүмкіндік беретін судьялар үшін біліктілік сыныптарын енгізу мәселелері қаралды.

Сот тәжірибесінің бірлігін қамтамасыз ету және соттардың ашықтығын арттыру мақсатында одан әрі цифрландыруды және жасанды интеллект элементтерін енгізуді жалғастыру тапсырылды.

Соттарда мобильді қосымшаларды қолдану арқылы істерді онлайн қарау мүмкіндігі қамтамасыз етілген және де аудио-бейне жазба құрылғыларымен толық жабдықталған, бұл процеске қатысушыларды тәртіпке келтіріп, орынсыз арыздардың түсуін азайтуға көмектеседі.

Электрондық жүйе басқа мемлекеттік органдар жүйесімен біріктірілген, нәтижесінде істер тікелей электронды форматта түседі, бұл істі жеделдетілген түрде қарап, орындауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы сөзінің соңында судьялардың жаңа Әдеп кодексін қабылдауын қолдады, бұл құжат соттардың тәртібінде жоғары стандарттарды орнатып, сот жүйесіне деген қоғамның сенімін арттыруға ықпалын тигізеді. деді.
Дәурен ЕРАЛИЕВ,
Сырдария аудандық сотының судьясы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
28 қазан 2024 ж. 99 0