Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Білім бөлімі басшысы ауылдардағы мектептерді аралады

Білім бөлімі басшысы ауылдардағы мектептерді аралады

Аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып бүгінгі іс-сапары Аманкелді ауылынан басталды. Қ.Баймағанбетов атындағы №42 мектептің бу қазандығын және мектеп жанындағы жылыжайдың жай күйімен танысқаннан кейін «Айгөлек» балабақша жұмысын бақылады.

Бұдан кейін Еркебұлан Төлепбергенұлы Қоғалыкөл ауылында орналасқан №44 орта мектеппен «Шаттық» бөбекжай балабақшасының бу қазандықтарын қарап, биылғы жылу маусымына берілген отын қорын тексерді.


Бөлім басшысы аталған білім беру ұйымдарының басшылары мен шаруашылық меңгерушілері жұмыстарына байланысты нақты тапсырма берді.
26 қазан 2024 ж. 249 0