Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Балабақшалардың жай-күйі пысықталды

Балабақшалардың жай-күйі пысықталды

Аудан әкімі М. Ергешбаев Тереңөзек кентінде орналасқан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан № 2 «Балдәурен бөбекжай балабақшасы және «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің № 2 «Балдәурен» бөбекжай балабақшасына газдандыру мақсатында «Компания ГазСтрой» ЖШС-гімен 25,0 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, жоба бойынша тиісті жұмыстар мердігер тарапынан жүргізілуде.

Техникалық қадағалаушының мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурс тәсілімен жарияланып, жеңімпаз анықталуда.

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжай балабақшасына газдандыру мақсатында «Компания ГазСтрой» ЖШС-гімен 26,2 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, жоба бойынша тиісті жұмыстар мердігер тарапынан жүргізілуде. Техникалық қадағалаушы «Ақбозат LTD» ЖШС.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2022 ж. 578 0