Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Колледж оқытушыларына АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Колледж оқытушыларына АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді

Сырдария ауданындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшесі Сырдария аграрлы-техникалық колледжінің ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық халықтық штаб мүшесі Ш.Нұрсейтов қатысты.

Келелі кездесу барысында аудандық штаб мүшесі Шахарбек Балтабайұлы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.

«Қазіргі таңда элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ», - дeді штaб мүшесі.

Іс-шара барысында колледж оқытушылары сөз алып, АЭС тұрғындар өмірі үшін қауіпсіз және болашақ ұрпақтың кәдесіне жарап, өзге елдердің энергия көздеріне тәуелділіктен арылтса болды деген пікірлерін білдірді.
25 қыркүйек 2024 ж. 154 0