Ардагерлерге АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді
Сырдария ауданындағы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб мүшелері аудан ардагерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық халықтық штаб мүшелері Ұ.Жаналиева, Б.Өтегенова және Е.Жақып қатысты.
Келелі кездесу барысында аудандық штаб мүшесі Ұ.Жаналиева Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
«Қазіргі таңда элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ», – дeді штaб мүшесі.
Іс-шара барысында ардагерлерде сөз алып, АЭС тұрғындар өмірі үшін қауіпсіз және болашақ ұрпақтың кәдесіне жарап, өзге елдердің энергия көздеріне тәуелділіктен арылтса болды деген пікірлерін білдірді.