АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері ардагерлермен кездесті

Осы орайда, АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері аудан ардагерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық халықтық штаб мүшелері М.Келдібаев, Ш.Нұрсейтов және М.Еспенбетов қатысты.
Ардагерлермен әңгіме барысында аудандық штаб мүшесі Мұса Алпысбайұлы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
«Жыл көлемінде еліміздің жер-жерінде АЭС-ті салуға қатысты түрлі қоғамдық тыңдаулар өткізіліп жұртшылықпен кең көлемде талқылау жұмыстары жүргізілді. Атом электр станциясын салудан қорқудың қажеті жоқ. Бұл дамыған мемлекеттерде бар тәжірибе. Еш жерде жоқ жаңалық емес. АЭС-на көшу дамудың жаңа сатысына көтерілу. Ең бастысы құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізіліп, талапқа сай іске қосылса одан қауіптенуге негіз жоқ деуге болады. Атом электр станциясының экологиялық жағдайдың жақсаруына да тигізер әсері орасан зор»,-деді.
Іс-шара барысында ардагерлерде сөз алып, АЭС тұрғындар өмірі үшін қауіпсіз және болашақ ұрпақтың кәдесіне жарап, өзге елдердің энергия көздеріне тәуелділіктен арылтса болды деген пікірлерін білдірді.