Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміз үшін тиімді

Еліміз үшін тиімді

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында энергетика мәселесін шешудің маңыздылығын айрықша айтып өтті. Ел Президенті Жолдауда «Бүгінде энергетиканың Қазақстан экономикасындағы рөлі зор. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. Елімізде энергияны тұтыну қарқыны жылдан-жылға артып келеді, – деген болатын. Осы тұста елімізде АЭС салуға байланысты қоғамда түрлі пікір қалыптасты. Халықтың басым көпшілігі АЭС құрылысын қолдап жатыр. Дегенмен қолдамайтындар да жоқ емес. Осы елдің азаматы ретінде өз пікірімді білдірсем деймін.

Атом электр станциясының құрылысы қай елде болсын жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс істеп тұрған атом электр станциясындағы бір жұмыс орны, орта есеппен инфрақұрылымда 10-ға дейін жаңа жұмыс орнын жасақтайды. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және басқа да нысандар салынады. Атом электр станциясының құрылысы жергілікті бюджетке түсетін салықты арттыруға серпін беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді. Атом энергиясы саласы жаһандық елдерде сұранысқа ие. Сондықтан аталған салаға қызығушылық танытып, оны меңгеру жолында қаншама жас ғалымдар тер төгуде. Біздің елде де аталған сала қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Атом өнеркәсібіндегі студенттердің саны 9000 адамды құрайды.

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі таңда элeктp қуaтының тaпшылығын көpшілeс eлдepдeн кeлeтін элeктp aғындapымeн жaуып oтыpмыз. Элeктp энepгиясын тұтыну жыл сaйын өсіп, зaмaн тaлaбынa сaй eлдің қaжeттілігі apтып жaтыp. Бүгінде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақытылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Сoндықтaн eліміздің энepгeтикa жүйeсінің тұpaқтылығын қaмтaмaсыз eтeтін біpдeн-біp қaуіпсіз, сeнімді, тиімді экoлoгиялық тaзa AЭС жoбaсы бoлмaқ деп ойлаймын.

Жыл көлемінде еліміздің түкпір-түкпірінде АЭС-ті салуға қатысты түрлі қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, кең көлемде талқылау жұмыстары жүргізілді. Атом электр станциясын салудан қорқудың қажеті жоқ. Себебі бұл дамыған мемлекеттерде бар тәжірибе. Еш жерде жоқ жаңалық емес. АЭС-ке көшу дамудың жаңа сатысына көтерілу болып табылады. Ең бастысы, құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізіліп, талапқа сай іске қосылса одан қауіптенуге негіз жоқ деуге болады. Бұған қоса атом электр станциясының экологиялық жағдайдың жақсаруына да тигізер әсері орасан зор деген ойдамын.

Сандыбай СӘДУАҚАСОВ,
АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық
штаб мүшесі
21 қыркүйек 2024 ж. 448 0