Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Өнегелі отбасылар марапатталды

Өнегелі отбасылар марапатталды

Отбасы күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, іс-шараға аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұ.Жанәлиева қатысты. Жиналғандарды аудан басшысы мерекемен құттықтап, отбасы – бірлік пен ынтымақтың ошағы, ел дамуының басты бағдары екенін айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді» деп атап өтті. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Бүгінде біздің алдымызда отбасы институтын дамыту міндеті тұр. Ол үшін еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеудің жаңа сапасын қалыптастыру керекпіз. Жанұяда отбасылық құндылықтар сақталуы тиіс. Осы бағытта Сыр өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Атап айт­қанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығында «Отбасы», «Анаға тағзым» орталықтары ашылды. Жыл басында 1000 орындық «Өнер орталығы» пайдалануға берілді. Клубтар мен мәде­ниет үйлері жанынан түрлі бағыттағы шығар­машылық үйірмелерді қамтитын «Адал адам» мәдени-тәрбие орталықтары ашылды. Аудан орталығында ұлттық құндылықтар дәріптелетін ­«Руханият» орталығы бой көтеруде. «Балалы үй – базар» деп әулетін ажарлы етіп, ұрпа­ғына саналы тәрбие беріп отырған өнегелі отбасыларға шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына аман­дық, құт-береке тілеймін, – деді аудан әкімі.

Салтанатты іс-шарада шаңырақ кө­теріп, отасқандарына 60, 50, 40, 30 жыл болған мерейтой иелері марапатталды. Сондай-ақ өнегелі отбасылардың жолын берсін деген ниетте жақында бас қосқан жас жұбайларға неке куәлігі табысталды. Өз кезегінде өнерпаздар әуе­лете ән шырқап, күмбірлете күй тартты. Сәдуақасовтар отбасылық-халықтық ан­самблі де іс-шараның ажарын ашып, кө­теріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кету керек, отбасы құндылықтары мен бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын насихаттауда ме­рейлі және өнегелі отбасылардың орны ерекше. Осы ретте елімізде дәстүрге айнал­ған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына ауданнан өнегелі әулеттер қатысып, марапат төрінен көрінуде. Атап айтқанда, 2022 жылы облыста сырдариялық Есенхожаевтар әулеті «Озат отбасы» атанса, өткен жылы Үмбетаевтар отбасы жүлделі І орынды иеленді. Ал биыл Есекеевтер отбасы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алса, Шербатшаевтар отбасы «Жігерлі отбасы» номинациясымен марапатталды. Қазір ауданымызда 307 «Алтын алқа», 593 «Күміс алқа» иегерлері, 49 «Батыр ана», 1500-ден аса көпбалалы отбасы бар.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
07 қыркүйек 2024 ж. 425 0