Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Биыл 90 мың қазақстандық оқушы жаңа мектептерде білім алады

Биыл 90 мың қазақстандық оқушы жаңа мектептерде білім алады

Білім министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық мұғалімдерді, мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын Білім күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Бүгін 2024-2025 оқу жылының жаңа парағы ашылды. Еліміздің барлық өңірлерінде Білім күнін асыға күткен 3,9 миллион бала сүйікті мектебімен, ұстаздарымен қайта қауышты. Мемлекет оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасап жатыр", – деді министр құттықтау сөзінде.

Министр бүгін 90 мыңға жуық оқушы су жаңа мектептерде оқу жылын бастайтынын мәлім етті. Оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасымен салынғандары да бар. Ал 200 мыңнан астам бала күрделі жөндеуден өткен, қайта жабдықталған мектептерде білім алады.

Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды
"1 қыркүйек – алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке. Бірінші сыныпқа 352 мың бала қабылданды. Ал 11 сыныпқа өткен 219 мың оқушы мектептегі оқуын аяқтайды. Қымбатты балалар, оқу жылы сіздерді жаңа жетістіктерге жетелеп шабыттандыратын қызықты, танымды әрі тағылымды болсын деп тілеймін!" – деді оқу-ағарту министрі.

Оның айтуынша, дәл осы күні ұстаздардың өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі орасан еңбегі мол.

Фото:massaget.kz

01 қыркүйек 2024 ж. 527 0