Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа оқу жылында 4 миллионға жуық бала мектепке барады

Қазақстанда жаңа оқу жылында 4 миллионға жуық бала мектепке барады

Қазақстанда жаңа оқу жылының қалай басталатыны және 1 қыркүйекте қанша бала мектепте отыратыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Үкіметтің мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 миллионнан астам оқушы мектепке барады. Оның ішінде 352 мың оқушы бірінші сыныпқа бараады.

1 қыркүйектен бастап оқытылады: Қазақстандық мектептерде жаңа сабақ пайда болды
Қазақстандық оқушылар 15 қыркүйектен бастап қашықтан оқи ма – Министрлік жауап берді
"1 қыркүйекте күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп қайта ашылады. Жаңғыртылғаннан кейін тағы 1000-ға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі есігін айқара ашады", – делінген хабарламада.

1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 510 мыңнан астам оқушыға оқу құралдарын сатып алуға көмек көрсетілді.

Айта кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтетінін мәлімдеген еді.

Фото: 24kz

31 тамыз 2024 ж. 253 0