Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шәкірттер қияға самғаған күн

Шәкірттер қияға самғаған күн

Кеше ауданға қарасты барлық білім ошағында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті. Биыл ауданда 441 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде, 28 «Алтын белгі», 48 «Үздік аттестат» иегері бар. Бұл ретте, Қоғалыкөл ауылындағы №44 орта мектептегі ерекше жиынның куәсі болдық.

Берекесі тасыған ауылда білім нәрі­мен сусындап, 35 түлек үлкен өмірге қанат қақ­ты. Жиынға облыстық білім басқар­масы басшысының орынбасары Бектұр Қали, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Ибрагим Әбибуллаев, республикалық «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсатов, облыстық ардагерлер ке­ңе­сі төрағасының орынбасары Өмірбек Шәменов, еңбек ардагері Сайлау Әбішов, облыстық мәслихат депу­таты Аида Әбибулаева, ауыл әкімі Бақытжан Рахым­беков, аудандық мәсли­­хат депутаты Динара Ибадуллаева қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан №44 ор­та мектеп директоры Ғалымбек Жаппаров жас түлектерді мерейлі сәтпен құт­­­тық­­­тады. Сонымен қатар қоғам қай­­­рат­­кері, еңбек ардагері Ибрагим Әбибуллаев өз атынан «Алтын белгі» ие­ге­­рі Дариға Зиябілова, Айым Ислам­бек, Сая Жамбылға, «Үздік аттестат» ие­гері Қаракөз Меңілбаева, Ақерке Жағы­пароваға «Жаппас» шаруа қожалы­ғы тарапынан арнайы шәкіртақы табыс­тады.

– Үш жылдан бері дәстүрге айналған үр­діске сай бүгін «Алтын белгі» иегер­леріне арнайы қаржылай сыйлық таға­йын­дап отырмыз. Туған жер топыра­ғы­нан шыққан әрқайсысымыз білім ошағында ұстаздан тәлім алдық. Бүгінгі жиынға Мұрат ағайымыз келгенде ерекше қуан­дық. Балалар жүрегі дүрсілдеп, үлкен өмірге жолдама алуда. Білім бәсекесінде топ жарып, ауыл атын асқақта алған оқушыларды мақтан тұтамын. Алдағы уақыт­та ел мерейін асқақтата берсін, – деді Ибрагим Әбибулаев.

Өз кезегінде Ибрагим Әбибуллаев облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының «Білім жана­шы­ры» номинациясымен марапатталды. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлек­тердің сынып жетекшілеріне құрмет көрсетілді. Ал мектеп ұжымына облыстық арда­герлер кеңесінің Алғыс хаты бер­ілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 маусым 2024 ж. 278 0