Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталды

Мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталды

16 маусым күні Сырдария ауданы бойынша 17 мектепте мектеп бітіруші түлектерге «Аттестат тапсыру» салтанатты кеші өткізілді.

Биылғы оқу жылын аудан бойынша 422 түлек бітірсе, оның 354-і Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға өтініш білдірді. 29 түлек мектепті «Алтын белгіге», 35 түлек «Үздік аттестатқа» бітірді.

Шіркейлі ауылдық округіндегі Ә.Жәмішов атындағы №129 мектеп-лицейде өткізілген салтанатты кешке аудандық білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы, «Мәді Қажы» ЖШС-нің төрағасы Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы, ауылдық округ әкімі Құламқадіров Талғат Ізтайұлы және ардагер ұстаз Азаматова Жібек Жаңабайқызы арнайы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге лебіздерін білдіріп, аттестат табыстады.
№129 Ә.Жәмішов атындағы мектепті аяқтаған 39 түлектің 6-уы «Алтын белгі», 1-уі «Үздік аттестат» иегері атанды. Бұл мектеп пен ауылдың абыройын асқақтататын зор жетістік.

Шара барысында «Мади Қажы» ЖШС-нің төрағасы Сұлтанов Сейткамал Абзалұлы «Алтын белгі» иегерлеріне 100 мың теңгеден және «Үздік аттестат» иегерлеріне 80 мың теңгеден үлестіріп, мектеп-лицей директоры Назаров Жанболат Опабекұлына жалпы құны 1 млн. теңгені құрайтын қаржылай сертификат табыстады.

Осы орайда, аудандық білім бөлімі балаларға жасаған қамқорлығы үшін «Мади Қажы» ЖШС-нің төрағасы Сұлтанов Сейткамал Абзалұлыны алғыс білдіреді.

Шара барысында ата-аналар мен түлектердің ақ тілегі тыңдалып, әсем әуендер орындалды.

17 маусым 2022 ж. 623 0