Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланады?

Қазақстанда 5G-ді кімдер пайдаланады?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек ОКҚ брифингінде Қазақстанда 5G-ді кімдер қолданатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Оразбек болашақта 5G желісінің негізгі пайдаланушылары мүдделі тұлғалардан анықталатынын айтты.

«Бұл - жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері мен бейнелерді көп көретін және жақсы сапалы байланысты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен Технологиялық даму жоспарына сәйкес 2022 жылдың соңына қарай үш қалада - Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 5G желісін іске қосу жоспарлануда. 2025 жылға дейінгі кезеңде еліміздің барлық облыс орталықтарында желілерді орналастыру жоспарланып отыр», деп түсіндірді Асхат Оразбек.

Кейінірек вице-министр үш мегаполисте 5G желісімен ең алдымен халық көп жиналатын орындар, соның ішінде сауда орталықтары қамтылатынын айтты.
26 желтоқсан 2022 ж. 297 0