Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болады?

Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болады?

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G 2024 жылдан бастап қолжетімді болатынын хабарлады.

«Қазір 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз», деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум барысында.

Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан облысы 5G желісімен қамтылған.

«5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымымыз бар», деді вице-министр.

Асхат Оразбектің айтуынша, 2024 жылы 5G қолжетімді болады.

«Меніңше, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді», деді ол.

07 тамыз 2022 ж. 279 0