Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ БАСТАЛДЫ

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ БАСТАЛДЫ


«Ел елге қосылса – құт» – дейді дана халқымыз. Соңғы уақытта аудан көлемінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрғын үйлер бой көтеруде. Жылма-жыл қоныс тойын тойлайтындар қатары молайып, кезекте тұрған азаматтар қуанышты сәттерге куә болуда. Осыған сәйкес аудан орталығының аумағы кеңейіп, құрылыс жұмыстары қыза түскен. Жаңа қоныстану аймағынан тұрғындарға кезек бойынша 175 адамға жер телімдері беріліп, шағын мөлтек аудан алдағы күндері аяғынан нық тұрады. Былтырғы жылы ауданда 10 тұрғын үй пайданалануға беріліп, жайлы қонысқа тұрғындар қол жеткізген болатын. Дәл қазіргі уақытта кентке кіре беріс А.Иманов пен Н.Ергешбаев көшесінің қиылысында 36 пәтерлік көп қабатты үйлер құрылысы бастау алды.
Бүгінде құрылыс алаңында мердігер мекеме «ДәнекерҚК» ЖШС жұмыс жүргізуде. Ал, техникалық қадағалаушы «Қаймар Инжиниринг» ЖШС мекемесі. Жалпы, тапсырыс беруші «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ екендігін айта кеткеніміз жөн. Негізінен жыл соңына дейін 84 пәтер беріледі деп күтілуде. Бұл үйлерде келешек аудан тұрғындары қоныстанып, жайлы қоныстың игілігін көруге ниетті. Тұрғын үйлер ауласы абаттандырылып, балалар мен ересектер демалатын орындар ашылады. Келешек бұл жерлерде тұрғын үйлер саны артып, ауылда қызмет етуге келген жастар баспаналы болып, аудан дамуына өз үлестерін қосады.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ
22 мамыр 2018 ж. 1 220 0