Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жарқын жоба нәтижесі

Жарқын жоба нәтижесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан "Ауыл аманаты" жобасының нәтижесін тұрғындар көруде. Бүгін жоба шеңберінде ауданға қарасты Айдарлы ауылында құрылған «Бәйтерек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашылу салтанаты өтті.

Аталған кооператив жылдық 2,5 пайызбен 27,6 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, жүннен жасалатын бұйымдар дайындау цехын ашты, Қазіргі таңда кәсіпорында 6 адам жұмыспен қамтылған.

Несие қаражатына жүн өңдейтін, тарайтын арнайы құрылғылар, теріге арналған тігін машина сатып алынған. Кооператив ауыл тұрғындарынан жүн, тері жинап, оны өңдеу арқылы ұлттық нақыштағы киіз үй бұйымдарын шығарумен айналысады.

Жалпы, аудан бойынша өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен құны 234,7 млн. теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылған болса, оның ішінде Айдарлы ауылы бойынша жалпы 55,2 млн. теңгені құрайтын 2 кооператив жобасы қолдау тапты.
24 сәуір 2024 ж. 402 0