«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына үлкен мүмкіндік
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және оларға қолдау білдіру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды. Аталған жобаның тиімділігі – ауыл тұрғындарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру қарастырылған. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында биыл облысқа 3,0 млрд теңге қаржы бөлініп, бағдарламаға құжат қабылдау жүргізілуде. Бұл жөнінде Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Исабергенова хабарлады.
–Жалпы бағдарлама 5 бағыт бойынша қаржыландырылады. Атап айтқанда, өңдеу, егін шаруашылығы, кооперативтерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал және басқа да бағыттағы бизнес жобалар қамтылған. Тұрғындарға берілетін микрокредиттер – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін несие беріледі. Бүгінге дейін сенім білдірген өкіл ретінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ анықталып, бөлінген қаржы толығымен аударылды. Сонымен қатар, бағдарламаға құжат қабылдау шарттары барынша жеңілдетілді. Қазіргі таңда 1 млрд 637,0 млн теңгені құрайтын 240 жобаның құжаттары қабылданып, несие комитетіне ұсынылды. Мақұлданған жобалар кепілге ұсынылатын мүліктерді тәуелсіз бағалау ұйымдарынан өткеннен кейін несиелендіру бойынша төлемдер жүргізілетін болады, - деді Гүлмира Рахымжанқызы.
«Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ жанынан 20 штаттық бірліктен тұратын арнайы департамент құрылды. Осыған сәйкес, 15 тамыз күні тұрғындардан келіп түскен несие өтінімдерін қарау мақсатында арнайы комиссия отырысы өткізілетін болады.
– Комиссияда 120-дан астам жоба ұсынылып, қаржыландырудың оң шешімі қабылданғаннан кейін тексерілетін болады. Сондай-ақ тәуелсіз бағалау туралы есептері сұратылып, мүліктері кепілге тіркелген соң, қаржыландыру жұмыстары жасалады. Ерекше айта кететін жайт, «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталған сәттен бастап, алаяқтыққа жол берген бірқатар азаматтар кездесті. Осы орайда, бағдарламаға қатысушылардың тек ресми ақпаратқа жүгінуін сұраймыз, - деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарушы директоры Мадали Әлішерұлы.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі