Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ауылдық клубтағы аудандық семинар

Ауылдық клубтағы аудандық семинар

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің қолдауымен Қалжан ахун ауылдық клубында «Үйірмеден үйрендім өнер түрін» атты аудандық семинар өтті. Семинар кент, ауылдық мәдениет үйлері, клуб кәсіпорындары әдіскерлері және мәдени ұйымдастырушылары арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Аудандық семинар ауылдық клуб жанындағы «Ақ әжелер» ансамблі әжелері шашу шашып, әуезді әнімен қарсы алды. Ауылдық клуб меңгерушісі Д.Разақов клубтың тыныс-тіршілігін және «Адал адам» мәдени-тәрбие орталы­ғының бұрыштамаларын таныс­тырып өтті. Ал кәсіпорынның мәдени ұйымдастырушысы Г.Иманқұл жеті бағыт бойынша тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттармен бөлісті. Семинарда «Сұхбат-ТІМЕ» жобасы аясында ауылымыздың, ауданымыздың, облысымыздың мақтанышы, жай­дар­­ман­ның түлегі, «Әзіл әлемі» театры­ның әртісі Қ.Әлжаппаровпен көңілді сұхбат болды. Конақпен сұх­бат бастамас бұрын семинарға қатысу­шылардың көңілдерін көтеру мақсатында «Сергіту сәті» ойыны ойнатылып, қонақтарға сый-сия­пат пен тәттілер таратылып көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Одан кейін семинардың басты мақсатының бірі үйірме жұмыс­тарына тоқталып, кәсіпорын әдіскері Г.Сырғабаева баяндама жасады.

Өз кезегінде семинарға қаты­су­шылар жақында жаңадан ашылған «Қуыршақ» үйірме мүшелерінің көр­сеткен өнерін тамашалап, үйір­ме мүшелерінің ұйымдастырған кон­церттік бағдарламасына куә болды. Іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген мәдени іс-шаралардан дайын­далған әдістемелік нұсқаулық кітапша қонақтарға таратылды. Семинар соңында аудандық мәдениет үйі директорының орынбасары А.Садықов сөз сөйлеп, аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Сәрсенбаева қорытын­дылап, аудандық семинар жұмысына оң баға берді.

Алтынай Қайратқызы
23 сәуір 2024 ж. 70 0