Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

№63 газет

22 тамыз 2026 ж.

№62 газет

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды

Париж Олимпиадасы: Эльжана Таниева жолдамаға ие болды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Эльжана Таниева Ташкент төрінде өтіп жатқан Азия чемпионатында үздік атанып, Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz

Осылайша көркем гимнастшы Қазақстан қоржынына 50-ші жолдаманы салды.

Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысы бойынша бірінші орын иеленді. Ал жарыс ережесі бойынша, квота тек алтын медаль алған спортшыға беріледі.

«Көпсайыс қорытындысы бойынша Эльжана Таниева 133.40 ұпай жинады. Ол Азия чемпионатының алтын медалімен бірге, Олимпиада ойындарының жолдамасына қол жеткізіп отыр», деп хабарлады ҰОК.

Тағы бір Қазақстан спортшысы Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Фото: ҰОК
03 мамыр 2024 ж. 365 0