Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Cоғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі

Cоғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі

Жеңіс күніне орай қызылордалық соғыс ардагерлері­не 2,5 миллион теңгеден берілетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мамыр айындағы мере­ке­лерді атап өту жөніндегі мәжіліс­те айтып өтті.

– Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 2,5 млн теңге көлемінде төлем төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл – біздің аға ұрпақ алдындағы парызымыз. Бүгінгі бейбіт өмірімізге қан кешіп жүріп жеткізген жандардың ерлі­гіне қандай құрмет көрсетсек те, артық емес. Өткен жылы қарт майдангерлерге 1 үй, 1 көлік, сонымен бірге 1,5 млн теңгеден табысталған еді. Биыл да бір арда­герге Қызылорда қаласынан үй берілді. Басқа демеушілер есебі­нен ақшалай және материалдық көмек көрсетіледі. Қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары мерекені атап өтудің жоспарына енген іс-шараларды сапа­лы әрі мәнді етіп ұйымдастыруы тиіс, – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдіктері Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге біржолғы төлемдерді аудару бойынша жұмыстар­ды ұйымдастыруда. Негізінен облыста 2040-тан астам тыл еңбеккері бар. Олардың біреуі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауын­герлердің 7 жесірі, соғыс кезінде жараланған, контузия алып, мертіккен немесе ауру салдарынан қаза тапқан мүгедек жұбайы немесе зайыбы болып табылатын 4 адам тұрады. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және соғыс кезінде алған жарақат салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілгендер саны 1894-ті құрайды. Аймақта осы санат­тағы 3964 адам тұрады. Олардың барлығы 147 680 теңге­ден алады және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккеріне 221 520 теңге төленбек. Ардагерлерге мемлекет тарапынан қарастырылған тиіс­ті төлем мамыр айына дейін жүр­гізі­леді.

«Тт» ақпарат
Фото: okg.kz
20 сәуір 2024 ж. 349 0