Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне қаржылай көмек көрсетіледі

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне қаржылай көмек көрсетіледі

Бүгінгі күнге Сырдария ауданында 2 - Ұлы Отан Соғысының қатысушысы мен мүгедегі бар. 
Аудан көлемінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 177 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық бюджеттен 21 300,0 мың тенге және аудандық бюджеттен 473,0 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде:
2 ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек - 1,0 млн. теңгеден, жергілікті бюджеттен - 111,1 мың теңгеден төленуде.
3 ҰОС жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталғандарға - 183,3 мың теңгеден, оның ішінде облыстық бюджеттен біржолғы материалдық көмек - 100,0 мың теңгеден, жергілікті бюджеттен - 83,3 мың теңгеден (30АЕК);
169 ҰОС жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген азаматтарға облыстық бюджеттен 100,0 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілуде.
3 екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғысқа қатысушылар мен мүгедектерiнiң әйелдерiне 100,0 мың теңгеден төленуде.

29 сәуір 2020 ж. 491 0