Есепті мерзімде 13 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралған

Бірнеше БАҚ өкілінің қатысуымен жүзеге асқан баспасөз конференциясы барысында Сырдария аудандық сотының төрағасыРуслан Алдамбергенов мерзімді уақытта атқарылған жұмыстарды саралады.
– Статистикалық мәліметтерге қарағанда есепті кезеңде 10 қылмыстық іс 12 адамға қатысты түсіп, өткен жылдан 1 іс қалдыққа қалған. 13 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 9 адамға қатысты 8 іс бойынша үкім шығарылған. Ал 1 адамға қатысты 1 іс тоқтатылып, 1 іс соттылығы бойынша жолданған. Өткен жылмен салыстырғанда түскен қылмыстық істердің саны – 3, яғни 23 пайызға, қаралған істердің саны – 3 іске, яки 21 пайызға азайған. Жалпы 77 азаматтық іс қаралып, оның ішінде, 7 іс бойынша сот бұйрығы шыққан. Сонымен қатар 27 шешім қабылданып, 35 іс өндірістен тоқтатылған. 8 іс қараусыз қалдырылып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 10-ға, яғни 9,5 пайызға қаралған істердің саны 13 іске, демек 20 пайызға көбейген. Есепті мерзімде соттың өндірісіне 89 әкімшілік құқық-бұзушылық туралы іс түсіп, 5 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық-бұзушылық туралы істердің ішінде 92 адамға сонша іс қаралған. 68 адамға әкімшілік жаза қолданылып, 24 адамға қатысты тоқтатылған. 5 жекеше қаулы қабылданған, – дейді сот төрағасы.
Қолдағы мәліметке сүйенсек, өткен жылмен салыстырған кейбір істерді қарау көбейсе, басқа санаттағылар төмендеген. Мәфселен, өткен жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық-бұзушылық туралы істердің саны 36-ға артып, 68 пайызды құраған. Қаралған істердің саны 40 іске жетіп, 77 пайызды көрсеткен. 2024 жылдың 1-тоқсанында барлығы партисипативтік рәсім тәртібімен 1 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 35 азаматтық іс, 16 әкімшілік құқық-бұзушылық туралы іс, 1 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған. Сотқа келіп түскен істер 100 пайыз аудио-бейне жазба арқылы қаралған. Есепті мерзімде әкімшілік құқық-бұзушылық туралы және қылмыстық істердің барлығы электронды нұсқада қабылданған.
– Біз қашанда ашықтық қағидатын ұстанамыз. Әрбір істің артында адам өміріне қатысты мәселенің жауапкершілігі тұр. Осы уақытта зорлық-зомбылыққа байланысты Заң қайта күшіне енуде. Алдағы уақытта нәзік жанды мен балаға зәбір көрсеткен жандар қатаң жазадан құтылып кете алмайды. Ерлі-зайыпты арасында орын алатын түсініспеушілік салдары үлкен дау-жанжалға ұласуда. Күнделікті ұрлық қылмыстарын, әкімшілік құқық-бұзушылық,азаматтық істердің әрбір бабы бойынша жауапкершілікке тартылған азаматтардың өміріне бей-қам қарамай, дұрыс шешім қабылдауға тырысамыз, – деді Руслан Алдамбергенов.
Баспасөз мәжілісін қорытындылаған сот төрағасы Р.Алдамбергенов көтерілген бірқатар мәселе бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Балтабай ОРДАБЕКОВ