Волейболдан аудандық турнир өтті
Шаған ауылында 1984 жылғы жастардың ұйымдастыруымен Ермаханов Айдос Болатбекұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық жарыс өтті.
Аталған сайысқа 9 елді мекеннен 10 команда қатысты. Айдос Болатбекұлын еске алуға арналған жарыстың негізгі мақсаты бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәслихат депутаты Әбдікәрім Серікбаев алғысөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар марқұмның ата-анасы мен бауырлары мен жарысты ұйымдастырушы достары ақжарма тілектерін жеткізді.
Айдос Ермаханов – бала күнінен спортқа бейімделіп, облыстық, аудандық сайыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Волейболдан команда жасақтап, елді мекен абыройын асқақтатқан жас жүйрік еді. Ажалдың алып кемесі оны 2009 жылы сырқаттан алып кеткен еді. Бүгінгі күні артында бауырлары мен ата-анасы қалды.
Спорттық сайыстың финалына Шаған ауылы, Ақжарма және Бесарық ауылы шығып, басты жүлдеге таласты. Қорытынды бойынша жүлделі ІІІ орынды Бесарық ауылының командасы қанжығасына байласа, ІІ орынға Ақжарма ауылының командасы тұрақтады, ал тартысты додада Шаған ауылының волейболшылары үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі І орынды алды. Ұйымдастырушылар атынан қаржылай сыйақы мен кубоктар табысталды. Бұдан бөлек үздік үйлестіруші, шабуылшы және қорғаушы номинациялары бойынша жарыстың озаттары анықталды.
А.ЖҮНІСОВА