Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еске алуға арналған турнир

Еске алуға арналған турнир

Спортшы, волейболдан облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпазы атанған марқұм Сырғабаев Нұрболат Мақсатұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир басталды.

Турнирдің ашылуына қатысып, Нұрболат бауырымыздың жанашыр достарының бастамасымен, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткізіліп жатқан іс-шараға қатысушыларға сәттілік тіледік.

Аудандық мәслихаттың депутаты Жұмабек Ембергенов ағамыз жасындай жарқырап өткен Нұрболаттың көпшіл, бауырмал болғанын, сондай-ақ спорт жарыстарына белсене қатысқанын айтты. Сондай-ақ достарын ұмытпай еске алып, турнир ұйымдастырып жатқан жігіттерге ризашылығын жеткізді.

Мұнан бөлек Нұрболаттың анасы Баян апай да сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Халқымызда "Бір дос бар – мұрыннан қан кеткенше, бір дос бар – қорадан мал кеткенше, бір дос бар – кеудеден жан кеткенше" деген сөз бар. Нұрболаттың достары нағыз жүрегі де, тілегі де бір азаматтар екен. Өзі жоқ болса да іздеушісі болып, еске алып, үлкен турнир өткізіп жатыр. Жігіттердің бірлік, ынтымақ, бауырмалдық туын биік ұстағанына бас идім!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
21 қазан 2022 ж. 755 0