Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыс әкімінің мерекелік құттықтауын табыс етті

Облыс әкімінің мерекелік құттықтауын табыс етті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандағы «Қызылдихан», «Ақжарма және К», «Ақжарма-2» шаруа қожалықтары мен «Мағжан және К», «Шаған Жер», «Абай-Дәулет» серіктестіктерінің ұжымдарына барып, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың Наурыз мейрамына арналған мерекелік Құттықтауын табыс етті.

«Сіздерді жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы мерекеге сырбойылықтар берекелі бірліктің арқасында толайым табыстар және жақсы жетістіктермен жетуде. Сыр елінің экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына бар күш-жігерлеріңізді арнап, аймақтың береке-бірлігін арттыру жолындағы еңбектеріңіз үшін риясыз алғысымды білдіремін. Әрдайым ұжымның ауызбіршілігі мен жауапкершілігі артып, ырыс-несібесі еселенсін деп тілеймін» делінген аймақ басшысының Құттықтау хатында.

Кездесулерде еңбек ұжымдары алдағы жоспарларымен бөлісіп, облыс әкіміне шынайы ризашылықтарын білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

23 наурыз 2024 ж. 252 0