Наурыз – құт береке бастауы

Аталған мерекелік концерт керуен көшімен басталып, атадан-балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлер дәріптеліп, "Әжелер ансамбілі" мен әсем әуенді әуелете шырқаған көркемөнерпаздар, мың бұралған бишілер ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ауыл азаматтарының демеушілігімен, ауылдық округ әкімдігінің қолдауымен бағдарлама барысында "Ең үздік" ұлттық киім иегерлері анықталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен қызықты жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға қаржылай сыйлық табысталды. Және де қой көтеру сайысында ең көп көтерген палуанға қой сыйлыққа берілді.
Іс-шара соңында "Бақ" шаруа қожалығының төрағасы С.Әбжалиевтің демеушілігімен ауыл жұртшылығына ақ дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Осылайша, ән мен жырға бөленген ауыл бекем бірлігін, тату тірлігін көпшілікке паш етті.
Асылжан ҚОНЫС,
Сырдария аграрлы-техникалық колледждің студенті