Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сәбидің тұсауы кесілді

Сәбидің тұсауы кесілді

Бүгін Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық Ғафурдин Жанұзақов атындағы ауылдық клуб үйі ұжымының ұйымдастыруымен жергілікті халық дәстүр сабақтастығының көрініс табуын тамашалады.

Яғни, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында «Халық дәстүрі – асыл қазына» тақырыбында жүзеге асқан іс-шарада кішкентай бүрдіршін Асфендияр Ермекбайұлының тұсауы кесілді. Өз кезегінде Айдарлы ауылдық амбулоториясының дәрігері Ерболат Орынбасарұлы балғынның тұсауын кесіп, үлкен азамат болуына зор тілектестігін білдірді.


Шын мәнінде, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында айдарлылықтар әрбір күнді ерекше етіп атап өтуде. Нағыз қаймағы бұзылмаған, берекесі тасыған ауылдың халқы қашанда салт-дәстүрге берік келеді. Ата-бабаның ізгілікті жолымен жаңғыру мен жаңару мекересінде ауылдағы жұртшылық бір-біріне ақжарма тілектерін жеткізіп, амандық-саулық сұрасты. Сонымен қатар мәдениет майталмандары өнер көрсетіп, көпшілікке шад-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Фото: Ашық дереккөзден

16 наурыз 2024 ж. 343 0