Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тіл – татулық тірегі

Тіл – татулық тірегі

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық онлайн фестиваль өткізілді.

Қауіпсіздік шараларын ескере отырып, онлайн түрде өткізілген шараға аудан бойынша он бір мәдениет үйі қатысты. Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту стратегиясын, тілдерді қолдану мен дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, өнерін насихаттау арқылы ұлттар достығын нығайту мақсатындағы фестиваль жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.

Фестивальге қатысушылар таныстыру, салт-дәстүр және өнер бөлімдері бойынша арнайы видеоролик дайындаған. Әр мәдениет үйі алдын ала таңдалған ұлт өкілдерінің рухани құндылықтарын көрерменге жеткізе білді. Тың идеялармен қызықты етіп жасалған жұмыстарға қарап, қатысушылардың бірлесе жұмыс жасағанын аңғардық. Әсіресе, Шіркейлі, Айдарлы, Қалжан ахун ауылдық округтері мен кент мәдениет үйі өнерпаздары ұжымдық жұмыстың керемет үлгісін көрсете алған.

Фестивальге халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, “Балауса” халықтық би ансамблінің жетекшісі, балетмейстер Ақмарал Пернебаева, аудандық БАҚ өкілдері әділ қазылық етіп, кіл жүйрікте нағыз таланттарды анықтады. Қатысушылардың бірлесе жұмыс жасауына, орындаушылық шеберлігіне, сахна мәдениеті мен ұлттық киімдеріне баса мән берген төрешілер бас жүлдеге қазақ ұлтының мәдениетін жан-жақты ашып көрсете алған Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі лайық деп тапты. Ал жүлделі бірінші орынды тәжік ұлтын таңдаған Айдарлы ауылдық клубы жеңіп алды. Қос бірдей екінші орын кент мәдениет үйі мен Қалжан ахуын ауылдық клубы өнерпаздарына бұйырды. Қазылар алқасы бірінен бірі озған таланттарды бөліп-жармай, Бесарық, Ақжарма, С.Сейфуллин ауылдық клубтарын үшінші орынға лайық деп тапты.

Барлық қатысушы ұжымдарға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
06 қыркүйек 2021 ж. 316 0