Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНІ САУ АДАМ – ЕҢ БАСТЫ КАПИТАЛ

ДЕНІ САУ АДАМ – ЕҢ БАСТЫ КАПИТАЛ


Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласының №3 емханасының жұмысымен танысты
Бүгін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған мониторингтік топ №3 қалалық емханасында болды.
  Топ құрамында республикалық арнайы мониторингтік топ жетекшісі Айгүл Соловьева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі Мұрат Абенов, «Экспо&Women» халықаралық ұйымының директоры Салтанат Рахымбекова, қолөнер шебері, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы халықаралық ұйымының қызметкері Архат Қанатбаев және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов бар.
  Республикалық арнайы мониторинг топ мүшелерін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова №3 қалалық емхананың қызметімен және «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасымен таныстырып өтті.
Облыс аумағындағы медициналық ұйымдарға кешенді медициналық ақпараттық жүйесін ендіру жұмысы жүзеге асырылып, қазіргі таңда облыс бойынша қала және аудан деңгейіндегі медициналық ұйымдардың медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылуы 100 пайыз болғанын атап өтті.
2018 жылдың ақпан айынан бастап тұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақсатында «DamuMed» медициналық ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы енгізіліп бүгінгі күнге есеппен 1832 тұрғын тіркелген. Жыл соңына дейін облыстың интернет белсенді тұрғындарының 30 пайызын мобильді қосымшамен қамту жоспарлануда.
«DamuMed» мобильді қосымшасында:
• Менің жазылуларым;
• Менің шақыртуларым;
• Менің жанұям;
• Хабарландырулар;
• Дабыл түймесі;
• Еңбекке жарамсыздық парағы;
• Рецепттер;
• Зертханалық зерттеулер модулдері қарастырылған.                                                                                                                          

20 сәуір 2018 ж. 1 328 0