Телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалауға уақытша шектеулер енгізілмек
Ұлттық телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалау бойынша уақытша шектеулер енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.
«Қазіргі уақытта құрамында қант бар сусындарға салық енгізу мәселесі Парламент Мәжілісінде қаралатын «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы аясында қаралуда», - деді вице-премьер-жауабында.
Оның атап өтуінше, Денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында дұрыс және ұтымды тамақтану және салауатты әдеттерді балалар арасында қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген.
«Денсаулық сақтау, Мәдениет және ақпарат министрліктері ұлттық телерадиоарналарда балаларға зиянды тауарларды жарнамалау бойынша уақытша шектеулер енгізу мәселесін пысықтауда. Қоғамдық денсаулықтың өзекті мәселелері бойынша органдар мен ұйымдарды ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану қағидаттарын енгізу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Қоғамдық денсаулық сақтау және оңалту басқармасы мен ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК жүзеге асырады», - деді Тамара Дүйсенова.
Фото: Pixabay.com