Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр

Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр

Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарды қолдау үшін Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі пысықталуда. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тиісті Жарлық жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Президенттік сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтарына табысталатын болады», делінген Е. Тоғжановтың жауабында.

Оның атап өтуінше, отандық әдебиетті қолдау үшін қолданыстағы заңнамада жеткілікті тетіктер қарастырылған.
22 сәуір 2022 ж. 556 0