Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Іс-шараның мақсаты – полиция департаменті, прокуратура өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарында кұҚық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет кауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, кибербуллинг, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету.
Кездесу барысында Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Ұзақбаев, Сырдария АПб, ЖПҚб, ЮПт-ның инспекторы полиция капитаны Г.Жұмабек, аудандық Жастар Денсаулығы орталығының дәрігері А.Байниязова, Сырдария аудандық емханасының психологы М.Маханбетжановтар қатысып, колледж студенттеріне өмірінің және денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтауға шақырып, тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіліп, үнпарақшалар таратылды.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың, тәрбиешінің міндеті.
Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!
Сырдария ауданы полиция бөлімі