Сырдария ауданының білім бөлімінің жылдық жоспары талқыланды
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес №130 Абай атындағы орта мектепке әдістемелік көмек күні ұйымдастырылды.
Жұмысшы топ құрамына білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері, педагог-психологтар, мектеп директорларының орынбасарлары енді.
Әдістемелік күн барысында:
-Мектепішілік бақылау бойынша атқарылған жұмыстар, құжаттамалармен жұмыс үдерісі;
- Нормативтік құжаттардың орындалуын және мектеп құжаттамасының талаптарға сәйкес жүргізілуін бақылау;
- Оқу процесінің сапасын бақылау;
- Оқушылардың білімдегі олқылықтарының орнын толтыру бойынша және үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты бақылау;
- Мұғалімнің шеберлік деңгейі мен әдістемелік дайындығының жай-күйін бақылау;
- Тәрбие процесінің сапасын, іс-шаралардың өткізілуін бақылау,
құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары ;
- Сабаққа қатысу және талдау бойынша атқарылған жұмыстар және ұсынымдар;
- мектептің санитарлық талаптарға сәйкестігі;
- мектеп асханасының жұмыстары зерделенді.
Жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік қызмет түрлеріне талдау жасалып, ізденіспен тәжірибе алмасу, нәтижеге жету жолдарына, нәтижеге жету жолында жүргізілген әдістемелік қызмет түрлеріне көмектер көрсетілді.
Білім бөлімі тарапынан білім сапасын арттыруға байланысты бірнеше міндеттемелер жүктелді, ұсыныстар мен кері байланыстар берілді.