Дарынды шәкірт - талантты ұстаздан

Салтанатты шараға білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Есназар Алмас Зейноллаұлы қатысты.
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» деп М. Әуезов атап көрсеткеніндей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.Осы орайда білім бөлімінің басшысы білім белестерін бағындыруда бағыт-бағдар берген ұстаздарға білім беру ісіндегі жемісті еңбегі үшін, ал ата-аналарға үнемі қолдау танытқаны үшін айрықша алғысын білдірді.


№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Д.АСЫЛБЕКОВ
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы А.ЕРЛАНҚЫЗЫ
№42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы К.ЖАРЫЛҚАСЫН
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қызылорда өңірінің стартап жобалар мен инновациялық технологияларды дамыту орталығының жас стартапері А.АБДУЛЛАЕВ қатысып, келешек жоспарларымен бөлісіп, білім бөлімі басшысымен еркін форматта сұхбаттасты.
Дарынды оқушыларға жаңа белестерді бағындырып, зор жетістіктерге жетуге тілек білдіре отырып, арнайы Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Болашақта білімді де, білікті маман болып қалыптасып, ауданымыздың өркендеуіне лайықты үлес қосады деген сенімдерін білдірді.