Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасады

Қызылордалық жас өнертапқыш зағип жандарға арналған мобильді қосымша жасады

Қызылордалық жас өнертапқыш Азамат Ибрагим зағип жандарға арнап жасаған «Janarym AI» мобильді қосымшасын жасап шығарды, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Өнертапқыштың аталған жобасы облыстық «Smart city Kyzylorda» IT жобалар байқауында «Әзірлеу бағыты» бойынша 3-орынға лайықты деп танылды.

«Мобильді қосымша арқылы тұрғындар волонтерге видеоқоңырау, ақылды камера, инклюзия академиясы, инклюзивті қоғамдастық сынды бірегей функцияларға ие болады. Үлкен волонтерлік жүйені қалыптастыру жолында, еріктілерді ынталандыру жолы қарастырылған. Бұл мақсатта бонустық жүйе ойластырылған», - деді ол.

Жобаның интерактивті, сандық прототипі дайындалды. Алдағы уақытта аталған жобаның техникалық әзірлеу сатысы әзірленеді. Сол арқылы ерекше жандар үшін қолайлы әлеуметтік орта жасау ойластырылған.

«Осылайша жоба инклюзивті, цифрлық бағытта өз жұмысын жүргізеді. Жоғары жылдамдықты интернет, GPS, камерамен жабдықталған смартфон және «Jañarym AI» қосымшасы арқылы зағиптар күнделікті тұрмыста кездескен тосқауылдар мен қиындықтарды оп-оңай шеше алады. Атап айтқсақ, жолда адасқан зағип жан қосымшаны ашып, камераны айналаға бағдарлайды. Ал оған енгізілген жасанды интеллект алдындағы тосқауылдар мен жол жүру белгілерін анықтап, қолданушыға ауызша хабарлайды. «Карта-навигатор» цифрлық сервисі жол сілтейді», - деді Азамат.

Фото: Жеке мұрағаттан
28 қаңтар 2024 ж. 214 0