Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

№22 газет

29 наурыз 2025 ж.

№21 газет

23 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ «SMART CITY» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

СЫР ӨҢІРІНДЕ «SMART CITY» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ


Қызылордада қытайлық инвесторлар күн және су электр стансаларының құрылысын бастап, «Smart city» жобасын жүзеге асыруға ниетті. Қазір Қытайдың CNEEC мемлекеттік инженерлік құрылыс компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Компания әлемнің 70 мемлекетінде жылу, жел және су электр стансаларын, қоқыс өңдейтін зауыттар салған. Қызылорда – күннің белсенділігі жоғары аймақ, әсіресе жаз мезгілінде, бұл қуаттылығы жоғары күн электр стансасын салуға негіз болады. Сырдария өзенін бойында «Ақлақ» су тоспасы бар, сол жаққа қуаттылығы 20-25 мегаваттық су электр стансасын орнатуға болады. Сондай-ақ, облыста қалдықтарды өртеу және электр энергиясының белгілі мөлшерін шығаруды көздейтін екі міндетке негізделген қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.
  Сонымен қатар «Smart city" (ақылды қала) жобасын жүзеге асыру үшін әлемге танымал «Huawei» компаниясымен өзара әріптестік туралы меморандум жасалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі алғашқы жобалар биыл іске асырылады, оның ішінде Сырдарияның сол жағалауында жүзеге асырылатын бірнеше жоба бар.

https://kyzylorda-news.kz/
28 наурыз 2018 ж. 1 272 0