Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСУДА


 Жалпы, Сыр өңірі «ақылды басқару» жүйесі бойынша  эксперименттік облыс болып бекітілді. 4 жыл бойы жобалар іріктеледі, онан  кейін  өзге өңірлерде жүзеге асырылады. Қазір  облыстық  ахуалдық орталық мамандары әлемнің озық елдеріндегі ауыл шаруашылығын жүргізу, қаланы басқару, инклюзивті қоғамда өмір сүру секілді түрлі тәжірибелерді салаларға енгізу мәселесін сараптауда. Ал, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғалымдары  күнделікті тіршілікте  ресурстар мен қызметтерді басқару тиімділігін арттыру  мақсатындағы тың жобаларды ұсынып отыр.  
    Ұялы телефон, ноутбук, тіпті компьютер пульттің рөлін атқара алады. Ол арқылы есікті ашып-жабу, газды, жарықты қосу, өшіру сияқты қызметтерді орныңыздан қозғалмай-ақ орындауға болады.  
    Ал, егер үйіңізде құбырдан ақау болып, газ иісі шығып жатса,  телефоныңызға SMS келеді және қашықта болсаңыз да  құбырды бікетіп, төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір идея - «Онлайн паркинг» жобасы.     
    Сандық жүйеге көшу, «Smart City» концепциясын жетілдіру мақсатында өңірде 22 жоба нақтыланды. «Ақылды қала» тұжырымдамасының үлкен бір  тармағы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бағыты. Сырдарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қалада осы тұрғыдағы  тың жобалар  тәжірибеге енгізіледі.    
    Индира Ақжігітова,  облыс    әкімі аппараты басшысының орынбасары:  
    - Қаланы виртуалды аралау 3D визуализация бойынша, сонан кейінгі жобалар, мысалы, инклюзивті мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы сервистер жүзеге асырылатын болады.
    Қазір облыс орталығында көшені жарықтандыруды автоматтандыру қолға алынды. Әрі қарай жоба аудандарда жүзеге асырылады.
    KAZTRK.KZ
19 қаңтар 2018 ж. 1 221 0