Төл газетке түгел жазылған
Қазір аудандық басылымның келер жылға баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілуде. Аптасына екі мәрте оқырманымен қауышатын газеттің тұрақты оқырмандарының қатарында кент әкімдігінің қызметкерлері де бар.
–Аудандық газеттің жаңа нөмерін күтіп отырып оқитынымыз рас. Кенттің әрбір жаңалығын қалт жібермей, тұрғындарға жеткізуге асығатын газет редакциясымен тығыз байланыс орнаттық. Ақпараттық қолдау көрсетіп, үнемі халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға байланысты жасалып жатқан іргелі жобалар туралы нақты мәліметті газет арқылы жариялап отырамыз. Жаңашылдыққа бет бұрған газетте нөмер сайын көкейкесті мәселелер туралы мақалалар жариялануда. Әсіресе, жол, жарық мәселесі, тұрғын үй, көркейту-абаттандыру, балаларға арналған ойын алаңдарын салу төңірегінде кент тұрғындарының көтерген мәселелері тілшілер назарынан тыс қалған емес. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы ізденісті мұнан әрі де бірлескен түрде жүргізетінімізге сенеміз, – дейді кент әкімі Ержан Бахтияров.
Газет редакциясы оқырманымен әрдайым тығыз байланыс орнатып, ашықтықты мақсат етеді. Сондықтан еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқырмандарымызға да қызмет ететін ақпараттық агенттікпен қатар әлеуметтік желідегі парақшалар да қызмет етеді. Оқырмандарымыз электронды нұсқада газет бетінде жарияланған мақалалармен танысуына мүмкіндігі бар екенін назарға саламыз.
«Тт» ақпарат