Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

ЕЖЕЛГІ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ


 Сыр өңіріндегі ортағасырлық Сығанақ қалашығы саяхатшыларды тартатын тарихи-мәдени орталыққа айналады. Осыған орай көне қала орнында археологиялық қазбамен қатар 3 кезеңдік қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды.
    Оның алғашқы кезеңі сәуір айынан тамызға дейін жалғасады. Нысан құрылысына 30-ға жуық адам жұмылдырылды. Құм астынан табылған жәдігерлерді жіті зерттеген ғалымдар Сығанақта алтыншы, жетінші ғасырларда тіршілік қайнап тұрғанына көз жеткізіп отыр.
    Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған деген дерек те шындыққа жанасады. Жалпы, Қызылорда облысында орналасқан Сығанақ, Шірік-Рабат, Жанкент қалашықтары секілді ежелгі түркі тайпаларының астаналарына сервистік инфрақұрылым жүргізіп, туристік кластер жасау жоспарда бар.
     Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Сапар Көзейбай: 
    – Шығыс қақпасының екі жақ үлкен қамалы бар. Сол қамалды 3 метрге дейін көтеріп, қақпаның өзін 1,5 метрге дейін көтеретін болады. Археологтар қазба жұмыстары барысында қалай зерттеп, қалай анықталғаны бойынша сол қалыпқа қайтадан келтірілетін болады. реставрациялық жұмыстарға республикалық бюджеттен, археологиялық қазба жұмыстарына облыстық бюджеттен 7 миллион теңге қаржы бөлінді.
    24.kz


14 мамыр 2018 ж. 1 629 0