Құрметті азамат атағы табысталды
Айтулы мерейтойдың қорытындысында ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуына айрықша еңбек сіңірген азаматтарға «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Марапат орталық стадионда ұйымдастырылған гала концертте берілді. Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Б.Сәрменбаев пен облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамов құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі Н.Нәлібаевтың құттықтау лебізін жеткізді.
– Сырдария ауданы – тарихы терең, береке мен бірлік ұялаған киелі мекен. Бұл ауданнан 2 Кеңес Одағының Батыры, 8 Социалистік Еңбек Ері және 1 Қазақстанның Еңбек Ері шығып, ел халықтың атын да, даңқын да елге танытқан. Таланттар мен дарындылардың алтын бесігі болған Сырдария ауданы ақиық ақын Асқар Тоқмағамбетов пен сатира сардары Қалтай Мұхамеджанов бастаған ақын-жазушылардың, өнер қайраткерлерінің, сондай-ақ күріштен тау тұрғызған дала диқандарының туған жері ретінде де құрметке ие. Міне, осынау ауданның 95 жылдығына аудан жұртшылығы зор қуанышпен, жарқын жетістікпен жетуде. Бұл той – елдіктің, бірліктің, аудан халқының қажырлы еңбегінің тойы, – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы Марат Сақтапов, Қаршыға Есімсейітова, Сәбит Әлжанов, Роза Әлбатырова, Айтбай Көшербаев, Сәуле Өмірзақоваларға табысталды. Сондай-ақ соғыс және еңбек ардагері, «Сырдария ауданының Құрметті азамат» Яхия Тасыров, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры, меценат Мұрат Сәрсенбаев, «Құндызды жер» ЖШС инженері Мұхтар Жарауов, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Піржан Төлеген, аудандық аурухананың дәрігері Майра Халыбаева, аудандық өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Нұрғали Байжан «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев, құрылыс саласының ардагері Нәзтай Тілемісова, әлеуметтік сала ардагері Жамиға Іздібаева, Тереңөзек электр торабы өндірістік бөлімінің инженері Әділет Қуантаев «Құрмет грамотасына» ие болды.
Думанды іс-шара эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала концертпен және аудан өнерпаздары ұйымдастырған театрландырылған қойылыммен жалғасты. Мерейтой құрметіне орталық стадионда қазақтың киіз үйлері тігіліп, меймандар мен аудан жұртшылығына дәм ұсынылды. Осылайша аудан мерейтойы жоғары деңгейде қорытындыланып, көпшілік көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Біз де мақаламызды:
Аман боп арқасүйер Алты Алашым,
Сүйемін, берекелі кең даласын.
Ағайын, Сырдың елі жайнап мәңгі,
Тойымыз ешқашан да тарқамасын! – деп аяқтаймыз.
Ақтөре ҚҰРМАНАЙТЕГІ