Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұрат Ергешбаев: Сырдария ауданы – мен үшін қымбат

Мұрат Ергешбаев: Сырдария ауданы – мен үшін қымбат

Қадірлі жерлестер!

Сырдария ауданының халқын 95 жылдық мерейтоймен құттықтаймын!

Мемлекет басшысының ел игілігі үшін қабылдаған саяси реформалары мен маңызды шешімдерінің аясында Сырдария ауданы дамудың даңғыл жолына түсіп, халықтың әл-ау­қатын арттыру бағытында сер­пінді жұмыстар атқарылуда. Сырдария ауданының бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері мен табыстары жергілікті жұртшылықтың ынтымағы мен бірлігінің айқын айғағы және еселі еңбектің жемісі деп білемін.

Ауданның 95 жылдық тарихи-шежі­релі мерейтойын жоғары деңгейде атап өту барша сырдария­лықтар үшін зор мәртебе. Әкем еңбек еткен, өзім басшылық қызмет атқарған ауданның тарихы, бүгіні мен болашағы мен үшін әркез құнды. Сондықтан ауданның әр жетістігіне қуанып, жаңа жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсетуге әрқашан дайынмын. Халқының аты да, ерлерінің даңқы да еңбекпен шыққан ауданның облыстық «Үздік ауданы» атанып, үздіктер көшін бастағаны аудан тарихында алтын әріппен жазылды. Бұл облыс әкімінің қолдауымен және аудан халқымен бірлесе атқарылған қажырлы еңбектің жемісі.

Демократиялық үдерістер жағ­­дай­ында талай сындарлы сәттерді бас­тан өткеріп, күннен-күнге жаңара түскен Сырдария ауданы – мен үшін қымбат. Екі жылға жуық уақыт а
уданды басқарып, халықтың әлеуетін жақсартып, экономикалық өсімді арттыруға жұмыс жасадық.

95 жылдық мерейтой қарсаңында Сыр­дария ауданының халқына шынайы құттықтауымды жеткізгім ке­леді. Әрбір шаңырақта береке, бірлік орнап, аудан мерейі таси бер­сін! Тәуелсіз Қазақстанның дамуы жолындағы сырдариялықтардың игілікті істері табысты болсын!

Айтулы мерейтой құтты болсын!

Құрметпен,
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты
10 қараша 2023 ж. 233 0