Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Үздік тілші» атанды

«Үздік тілші» атанды

Береке мен молшылық мерекесі «Алтын дән – 2023» іс шарасында біздің әріптесіміз Бибісара Жанәлі «Үздік газет тілшісі» аталымымен марапатталып, озаттар қата­ры­нан көрінді. Мерекелік марапатты аудан әкімінің мін­де­тін атқарушы Д.Байдушев молшылық мерекесіне орай ұйым­дастырылған жиында табыстады. Жыл бойына дала даң­ғайырларының адал еңбегін насихаттауға үлес қосып, еңбек адамдарын көпшілікке насихаттауда жүйелі еңбек ет­кен әріптесіміздің мерейі артты.

Аудан еңбеккерлері биылғы нау­қанды абыроймен аяқтап, қамба ас­тыққа толды. Алты Алашқа ана болған Сыр өңірінің облыс болып құрылғанына 85 жыл және Сырдария ауданының құрылғанына 95 жыл толған атаулы жыл диқандар үшін де табысты болды.

Еңбек адамының еңбегін бағалап, мерейін арттыру мақсатында ұйым­дастырылған «Алтын дән – 2023» мере­келік іс-шарасына дала еңбек­керлерімен қатар құрметті қонақтар мен аудан тұрғындары қатысты. Алажаздай еңбек етіп, күн мен түнге, ыстық пен суыққа қарамай еңбек дала­сынан табыла білген азаматтар мара­пат биігінен көрінді.

Еңбек адамдарының еселі еңбегін наси­хаттау мен еңбек даласындағы жай-күйді ақпараттандырып, халыққа уақы­тылы жеткізіп отыру да үлкен жауап­кершілікті талап етеді. Айта кетейік, әріп­тесіміз Бибісара Таңатарқызы қай бағытта қалам тербемесін, кестелі сөз орамын келісті келтіріп, ой жүйелілігіне баса мән береді. Бүгінге 30 жылға жуық еңбек өтілі бар журналист – жазудың қыры мен сырына қанық. Ойы ұшқыр әріптесіміздің қаламынан осы күнге дейін жағымды жаңалық пен жақсы ойлар төгіліп келеді. Қаламы жүйрік тілшінің 2003 жылдан бері Қазақстан Журналис­тер Одағының мүшесі екенін де айта кеткеніміз орынды.

Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халық­тың көзі, құлағы һәм тілі» деп газет-журналдың халық өмірінде атқаратын рөліне баса мән берсе, жазушы Шерхан Мұртаза «Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» деп тіл­ші­лік қызметтің қызығы мен қиындығы қа­тар жүретініне тоқталады. Осы ретте тоқ­­шылық мерекесінде абырой биігінен кө­рінген әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Ортақ абырой жолында үлкен еңбектің үлгісін көр­сеткен әріптесімізге шығармашылық та­быс тілеп, еңбегіңіз жемісті болсын демек­піз!

«Тт» ақпарат
31 қазан 2023 ж. 207 0