Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: Зардап шеккен отбасыларға барлық деңгейде қолдау көрсетіледі

Қазіргі таңда жағдай толық бақылауда. Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысына арнайы барды. Зардап шеккен отбасыларға барлық деңгейде қолдау көрсетіледі.
Тиісті тергеу жұмыстары да жүргізілуде. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жақын арада мемлекет меншігіне өтеді. Бұл – еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі екенін, сондай-ақ, аталған қағида барлық мүдделерден әрдайым жоғары тұратынын көрсететін маңызды қадам.
Елімізге және әр шаңыраққа амандық тілейміз. Енді мұндай қайғылы оқиғалар ешқашан қайталанбасын.
Мәулен ӘШІМБАЕВ,
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы