Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөре Ибрагимұлы, «Жастар рухы» Жастар қанатының Сырдария аудандың бөлімшесінің басшысы: Қайғы бәрімізге ортақ

Ақтөре Ибрагимұлы, «Жастар рухы» Жастар қанатының Сырдария аудандың бөлімшесінің басшысы: Қайғы бәрімізге ортақ

«Жастар рухы» Жастар қанатының Сырдария ауданындағы белсенділері Қарағандыдағы төтенше оқиғадан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Бәрімізге белгілі, бүгінде еліміз күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке қарай, адам шығыны да орын алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысының шешімімен 29 қазан шахтадағы орасан зор жарылыстан қайтыс болған азаматтарды еске алу – Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Төтенше жағдай адал еңбекті ту еткен азаматтардың өмірін қиды. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып, көңілімізді күңірентіп отыр. Қаза тапқан азаматтардың ел дамуы жолындағы еңбегі, жанқиярлық ізденісі мен жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталады. Бұл – бәрімізге ортақ қайғы. Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Халқымыз береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің арқасында талай сынақтан сүрінбей өтті. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенеміз. Ең бастысы ахуал Президентіміздің тікелей бақылауында. Нақты шаралар да қабылданып жатыр. Осы ретте, «Жастар рухы» Жастар қанатының Сырдария ауданындағы белсенділері қабырғасы қайысқан қарағандылық ағайынның ертерек еңсе тіктеуі үшін қолдан келер көмекті көрсету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысуға дайын.
29 қазан 2023 ж. 171 0