Ақтөре Ибрагимұлы, «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандың бөлімшесінің басшысы: Қайғы бәрімізге ортақ
«Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария ауданындағы белсенділері қауіпті індеттен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Бәрімізге белгілі, бүгінде еліміз бұрын-соңды болмаған күрделі ахуалды бастан өткеруде. Қауіпті індет салдарынан өкінішке қарай, адам шығыны да орын алды. Осыған орай Мемлекет басшысының шешімімен 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу
– Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қауіпті дерт елімізге белгілі көптеген тұлғалардың өмірін қиды. Бұл бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Олардың жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады. Бұл бәрімізге ортақ қайғы. Мезгілсіз қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Халқымыз береке мен бірліктің, сабыр мен төзімнің арқасында талай сынақтан сүрінбей өтті. Бұл қиындықты да ел болып еңсереміз деп сенеміз. «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария ауданындағы белсенділері қауіпті індетке шалдыққан науқастарға ерікті түрде көмек көрсету бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға өз үлестерін қоса береді.