Сенат депутаттары коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты

⠀
Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Осы дерттің салдарынан болған әр қаза – бүкіл еліміз үшін орны толмас ауыр қайғы. Көз жұмған жандардың қатарында зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері және соңғы демі қалғанша өзгенің өміріне араша түсіп, күресіп өткен дәрігерлеріміз бар.
⠀
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен аппараты індеттен құрбан болған азаматтардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады!
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ресми парақашасынан алынды