Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жалпыоблыстық сенбілік өтті

Қызылордада жалпыоблыстық сенбілік өтті

Қызылорда қаласында өткен сенбілік аясында жаңадан салынған "Отбасы орталығының" алдында 25 түп туя ағашы отырғызылды.

Іс-шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Облыстық басқармалар және оларға бағынысты мекемелер арнайы бекітілген орындарға 500 түп көшет (үйеңкі, сыр талы, қарағаш, терек) екті. Сенбілікке қала, аудан әкімдіктері, облыстық басқармалар, департаменттер мен инспекциялар жұмылдырылды.

Айта кетейік, облыс көлемінде жоспарланған күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары 2 қыркүйек пен 4 қараша аралығында жалғасын табуда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Birge: Taza Qazaqstan» акциясы аясында Сыр өңірінде үздік елді мекендер мен үлгілі шағын аудандар анықталды. Конкурс нәтижесімен жеңімпаздарға 14 арнайы техника табысталды. Озық шыққан шағын ауданға скверлер мен спорттық алаңдар салынып, көше-аулалары жарықтандырылады. Алдағы уақытта бұл конкурс дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілмек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 қазан 2023 ж. 240 0