Көктемгі кәуапқа маринадты қалай жасаса болады? Кәуапты дәмді, пайдалы, бастысы өте қарапайым маринадтаудың бес әдісін ұсынамыз!
Көктемгі кәуапқа маринадты қалай жасаса болады? Кәуапты дәмді, пайдалы, бастысы өте қарапайым маринадтаудың бес әдісін ұсынамыз!
Киви
Етті кивиде бірнеше сағаттан бастап, тәулікке дейін ұстауға болады, бірақ серуенге шыққанға дейін ет маринадталу үшін түнге қалдырған жақсы болады. Екі килограмм етке жұқа домалақтап туралған бес киви алыңыз. Етті порциямен бөлікке турап, жемістермен жақсылап араластырыңыз. Қажет болғанда тұздап, бұрыш себіңіз, бірақ тамақ талғағыштар етті тура шампурға тізген кезде немесе гриль торына салғанда дәмдеуді ұсынады.
Лимон және пияз
Сірке сумен және дәмдеуішпен маринадтаудың дәстүрлі әдісіне ең жақсы балама болып келеді. Бір килограмм етке піскен кезде қандай дәмді көбірек сезгіңіз келетініне байланысты сізге бір жарым–екі лимон және екі орташа пияз қажет болады. Пиязды жарты домалақтап, ал етті порцияға бөліп, тілімдеп тураңыз. Лимоннан тура кәуап салынған ыдысқа шырынын сығыңыз, қабығын шағындап тіліп тураңыз да, етпен араластырыңыз. Етті қолмен екі-үш минут бойы сығымдап, араластырып отырыңыз. Кәуап екі сағаттан кейін пісіруге дайын болады.
Айран
Сізге бар жоғы бір литр айран керек болады, оны порцияға туралған етке құясыз. Бұл кәуапты маринадтаудың ең қарапайым, әрі қолжетімді әдістерінің бірі.
Анар шырыны
Тамақ талғағыштар етті маринадтау ретінде анар шырынын аса қатты кұрметтейді, бірақ шындап келгенде бұл әдістің бір ерекшелігі бар: шырын жаңа сығылған болуы тиіс, бұл маринад түрі қымбатқа түседі. Дегенмен, ерекше жағдайларда етті анар шырынында маринадтау арқылы қонақтарыңызды таң қалдыра аласыз. Тағамды ұсынғанда етті анар дәндерімен безендіруді ұсынамыз.
Көк және пияз
Кәуапты маринадтаудың «кавказдық» әдісі мынадай – етке туралған көк және пиязды көп көлемде салады. Маринадтау үшін кинза, ақжелкен, аскөк, насыбайгүл, орегано және майоран қолданылады. Сіз осы барлық шөпті араластыра аласыз, немесе өз дәміңізге қарай таңдап алып, тіптен тархун немесе сәлбенді де қоса аласыз. Пияз, қуыратын ойыңыз болса, әдеттегідей домалақтап туралады, немесе, тек маринадтауға ғана керек болса, онда жартылай домалақтап турайсыз. Етті түні бойы қалдырамыз – ал таңертең салауатты, әрі пайдалы кәуап дайын болады. Айтпақшы, осындай маринадтау түрі қой және тауық етіне де жақсы келеді.
kz.everydayme.com